Date of publication: 14.05.2020 01:31
Date of changing: 14.05.2020 01:32

Күлжанов Мұқатай (21.12. 1917 ж. – 04.09.2016 ж.) Баянауыл ауданының Құндікөл ауылдық округіне қарасты Біржанкөл ауылыннда туған. Еңбек жолын 1939 жылы Ертіс ауданының Новоивановск НТС-інде аграном болып бастайды.

Осы жылы Ертіс аудандық әскери комиссариатынана қарулы күштер қатарына шақыртылды. Күлжанов Мұқатай Красноярск аймағы Каинский қаласында полковой кіші командирлер дайындайтын минометшілер курсына жіберілді. Сол жерде 99-ыншы сібірліктер корпусі құрамында шаңғышылар сапында фин соғысына араласты. 1939 жылы 11 қарашада жараланып, Харьков қаласында әскери госпитальда емделді. Неміс басқыншыларына қарсы соғыста Батыс Украина майданына араласты. Украина, Польша, Германия аумағында болған шайқастарға қатысты. Эльба өзенінен өтіп Американдық Біріккен Одақтас әскерлерімен кездесіп, соғысты аяқтады. Соғыстан кейін, бір жыл Германияда қызмет етті. 1946-шы жылы желтоқсанда елге оралды. Елге келген соң, Баянауыл аудандық ауыл шаруашылық бөлімінде бас агроном болып қызмет етті. 1957 жылы Әденқызы Тұрмыс анамызбен шаңырақ көтерді. Ауылға келген соң, 1979 жылы зейнетке шыққанға дейін агроном болып қызмет етіп, тың игеруге, ауыл шаруашылық өндірістерін көтеруге ат салысады. Бес ұл, үш қызға әке атанды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. 17 немере мен 2 шөбересін көрді. Соғыс және еңбек ардагері, Мемлекеттік марапаттардың иегері, Баянауыл ауданының құрмет азаматы, екі ғасырдың куәгері, Мұқатай Күлжанұлы 2016 жылғы 4 қыркүйекте 98 жасынды ұрпақтарының ортасында абыз ақсақал болып, дүниеден өтеді. 6-шы құркүйекте азалы ел Тайлақ ауылындаға әке-шешесі жатқан зиратқа, жарының қасында жерленді.