Date of publication: 14.05.2020 02:08
Date of changing: 14.05.2020 02:09

Орумбаев Айтжан Орумбайұлы 1919 жылдың 1-қаңтарында Павлодар облысы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шықырылып, миномет батареясының командирі болды.

1941 жылы Отанымызды қорғауға кірісті. 1-ші Белорусстік және 3-Украиндық майдандарда күресті. 1945 жылы 9 мамырда Жеңісті Берлинде қарсы алды.

Айтжан Орумбайұлы Кызыл ту орденімен, «Берлинді алу үшін» және басқа да медаль мен ордендермен марапатталды. Соғыстан кейін Айтжан Орумбайұлы химия мен биология пәндерінен сабақ беріп ұстаздық қызмет етті, мектеп директоры болды.

Тыл жұмысшысы,жолдасы Жазирамен, 4 ұл бала мен 2 қыз баланы өсірді. Барлығына жоғары білім берді.