Date of publication: 14.05.2020 02:12
Date of changing: 14.05.2020 02:13

1902 жылы Павлодар облысы Куйбышев ауданы 12 ауылда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Әскери шені – қатардағы жауынгер.1942 жылы 13 мамырда Павлодар ауданы военкоматының шақыруымен майданға аттанады. Кавказ жерінде №44 атқыштар  полкі қатарында неміс басқыншыларымен шайқасады. Сол жылы 13-ші қыркүйекте ауыр жарақат алып госпитальге түседі. Госпитальден айығып шыққаннан кейін №1188 атқыштар полкі қатарында соғысты жалғастырады. 1943 жылы шілде айының 19-і күні қатты жарақат алып, тағы да госпитальге түседі. Ол жерден сауығып шыққан соң, әрі қарай алғы шепте соғысуға жарамсыз деп танылып елге жіберіледі. 2-ші топтағы мүгедек атанады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының бірнеше орден және медальдарімен марапатталады. 1985 жылы 11 наурыздағы ССРОЖоғарғы Совет Президиумының Жарлығымен «Отан соғысының 1-ші дәрежелі» орденімен марапатталынады және «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығы», «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40 жылдығы», «ССРО Қарулы күштерінің 60 жылдығы» арнайы мерекелі медальдары тапсырылады.