Date of publication: 14.05.2020 02:21
Date of changing: 14.05.2020 02:22

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтайды!

Отан қорғаушылардың тағдыры әр түрлі болды, бірақ оларды бір тілек - жеңіспен қайту біріктірді! Ұрыс даласында өмір құнымен болса, еңбек майданында бар күштерін салды. Уақыт бідің жадымыздағы сол сұрапыл соғыстағы  өлмес ерлікті  ешқашан әлсірете алмайды. Біз жеңіске жеткен әкелеріміздің балалары болғанымызға мақтанамыз!

Біз, Павлодар облысы мемлекеттік кірістер органдарында Ұлы Жеңістің батыры - Михаил Павлович Черный қызмет еткенімен мақтанамыз!

Жеңіс күні құтты болсын! Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз! Соғыс ардагерлеріне тағзым! Жеңіске жеткізгендердің ұлы даңқы өсе берсін!