Date of publication: 30.09.2020 16:35
Date of changing: 30.09.2020 16:36

Құрметті салық төлеушілер!

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Салықтық әкімшілендіру мақсатында кез келген нысандағы дәрілік заттар айналымын қадағалаудың пилоттық жобасының жүргізілуі туралы хабарлайды. (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы

8 қыркүйектегі № 833 «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11.09.2020 ж. №21192 болып тіркелген, 2020 жылдың 27 қыркүйегінен бастап күшіне енгізілді).

         Пилоттық жобаның мерзімі 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін.

         Осы пилоттық жоба заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе импортталған кез келген нысандағы дәрілік заттарды сату кезінде СЭҚ ТН коды бойынша ЭШФ АЖ-ның «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактураларды шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін көздейді.

         Шот-фактураларды электронды түрде рәсімдеу тәртібі Салық кодексінің 412-бабымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарымен реттелген.