Date of publication: 30.09.2020 16:40
Date of changing: 30.09.2020 16:41

         2020 жылдың 6 сәуірінде Мемлекет басшысы Үкіметке 2020 жылы мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауды қайта жүргізуді тапсырды. 

         Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының тиісті Заңына 2020 жылғы 2 шілдеде қол қойды.

         Есептен шығарудың негізгі шарты – негізгі салық қарызының сомасын төлеу. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.

         Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

         Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды. 

         Жеке тұлғалар борыштың негізгі сомасын төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі Ереже Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №730 бұйрығымен бекітілген.

        Салықтық берешегінің бар-жоғы екендігі туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore,  PlayMarket) мобильді қосымшасы және екінші деңгейлік банктердің (Halyk Bank, Kaspi Bank) мобильдік қосымшылары арқылы тексеруге болады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті