Date of publication: 01.10.2020 12:55
Date of changing: 01.10.2020 13:05

          «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдеріне (фильтрлі сигареттер), 2021 жылғы 1 сәуірден бастап темекі өнімдерінің басқа да түрлеріне міндетті таңбалау енгізіледі, цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар тобы айқындалды.

         Сонымен бірге, Қаржы министрлігі «Темекі өнімдерін таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №927 бұйрығы бекітілді (бұдан әрі – Таңбалау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21302 болып тіркелген).

Таңбалау қағидалары темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін және оның Қазақстан Республикасында одан әрі қадағалануын айқындайды.

         Таңбалау қағидаларына сәйкес, Өндіруші Қазақстан Республикасында өндірілген темекі өнімдерін Таңбалау қағидаларының талаптарына сәйкес таңбалауды жүзеге асырады.

         Импорттаушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде өндірілген темекі өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе темекі өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырғанға немесе кері импортқа дейін таңбалануын қамтамасыз етеді.

         Бұл ретте, Таңбалау қағидаларында міндетті таңбалау енгізілген күнге таңбаланбаған темекі өнімдерінің қалдықтарын айналымға қатысушылар міндетті таңбалау енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде өткізуге жататыны көзделген.