Жарияланған күні: 03.06.2024 16:12
Өзгертілген күні: 03.06.2024 16:15

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасы ішінара немесе толық қайтарылуға жатады, келесі жағдайда:

1) талап қоюшы сотқа талап қою және өзге де арыздар (шағымдар) беру кезіңде өз талаптарын төмендеткен жағдайларды қоспағанда, талап етілгеннен көп мөлшерде мемлекеттік баж енгізген жағдайларды;

2) істі төрелікке беру;

3) істі талаптардың бітімгершілік келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипавтік рәсім тәртібімен бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда – толық көлемде, кассациялық сатындағы сотта – кассациялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы өтініш хатын беру кезінде төленген саманың 50 пайызы мөлшерінде реттеу туралы келісіммен аяқтаған жағдайларда жүзеге асырылады;

4) талап қою немесе өзге де арыз (шағым) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустардың немесе оған уәкілеттік берілген адамдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартқан;

5) егер іс сотта қаралуға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы істердің осы санаты үшін белгіленген дауды алдын ала шешу тәртібін сақтамаса не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам қойса, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатса немесе талап қоюды қараусыз қалдырса;

6) мемлекеттік баж төлеген адамдар заңдық маңызы бар іс-әрекет жасаудан немесе құжатты алудан осы заңдық мәні бар іс-әрекетті жасайтын органға жүгінгенге дейін бас тартқан;

7) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда қолданылады.

Мемлекеттік баж келесі жағдайларда қайтарылмайды:

1) талапкердің талап қоюдан бас тартуы;

2) талапкердің өз таалптарын азайтуы;

3) сот бұйрығының күшін жою.

Мемлекеттік баждың артық төленген самасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның салық өтініші құжатының негізінде жүргізіледі.

Қайтару пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы сот шешімі өткен салық төлеушіге мемлекеттік баж сомасын салық органы салық төлеуші ұсынған салық өтініші және заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік баждың артық төленген самасын қайтаруды салық органы оны төлеген жері бойынша салық төлеушінің банктік шотына мемлекеттік баж сомасы есептелген тиісті бюджеттік сыныптама кодынан қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді..

Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баж слмасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

Павлодар облысы бойынша МКД

мемлекеттік қызметтер басқармасы