Жарияланған күні: 29.06.2017 10:47
Өзгертілген күні: 20.03.2025 16:41

Тоқтарханов Ержан Қалымбекұлы – Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Ержан Тоқтарханов 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша — экономист, заңгер. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жылды құрайды. 1997 жылдан бастап Өскемен қаласы бойынша салық инспекторынан Салық комитетінің төрағасына дейінгі лауазымды қызметтерді атқарды.

Әр жылдары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басқарма басшысы лауазымын атқарған, сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің және Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

 

Ахметбеков Қанат Мұратұлы-Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

1968 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар.
Жалпы еңбек өтілі 30 жылдан астам, олардың барлығы мемлекеттік қызметте, оның ішінде 20 жылдан астам басшылық лауазымдарда.

Еңбек қызметі
Салық органдарында 1993 жылдың қазан айынан бастап Қарағанды қаласының Совет ауданы бойынша салық инспекциясының аға салық инспекторы, бас салық инспекторы лауазымында жұмыс істей бастады.
1993 жылдың қазанынан 2000 жылдың наурызына дейін Қарағанды қаласының Совет ауданы бойынша салық инспекциясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2000 жылдың наурызынан 2013 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қарағанды қаласы бойынша салық басқармасының және Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық басқармасының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2013 жылғы шілдеден 2017 жылғы сәуірге дейін Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің салық аудиті, мәжбүрлеп өндіріп алу және салық берешегімен жұмыс жөніндегі басқармаларын басқарды
2017 жылдың сәуір айында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды
2019 жылдың маусым айында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды
2024 жылдың мамыр айынан бастап Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
 

Рахымберді Руслан Қайыргелдіұлы - Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

1977 жылы туған. Жоғары экономикалық білімі бар. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 22 жыл, оның ішінде 5 жылы басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

Еңбек қызметі

Кеден органдарында 1999 жылдың қаңтарынан бастап, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, аға маманы, бас маманы лауазымдарында қызмет етті.

2009 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы облысы бойынша КБД-да кедендік бақылау жүйесінде жұмыс істеді.

2012 жылғы маусымнан 2014 жылғы қарашаға дейін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде қызмет етті.

2014 жылдың қараша айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жұмыс істеді.

2016 жылдың мамырында  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Петропавл – кедендік ресімдеу орталығы "кеден бекеті" басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2017 жылдың наурызынан бастап – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарифтік реттеу және кедендік бақылаудан кейінгі бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың маусымында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап – Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекеттік марапаттаулар

"Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" төсбелгісімен марапатталған.

 

Мінәйімбеков Рысбек Мінәйімбекұлы-Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

1974 жылы туған. Жоғары қаржылық білімі бар. Бес бала тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 17 жыл, оның 13 жылы басшылық лауазымдарында.

Еңбек қызметі

Салық органдарында 2005 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің бас маманы лауазымында жұмыс істей бастады.

2007 жылы Оңтүстік қазақстан облысы Түлкібас ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2008 жылдан – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының "жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы" бөлімінің бастығы.

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түлкібас ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2018 жылдың қазанынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қазығұрт "кеден бекеті", "Қапланбек "кеден бекеті" басқармаларының басшысы.

2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы қарашаға дейін Нұр-сұлтан қаласы бойынша әкімдікте басшылық лауазымдарда жұмыс істейді.

2021 жылдың желтоқсанынан – Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.