
Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) ұсына бастады.
Декларацияда Қазақстан Республикасындағы және Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі активтер мен міндеттемелердің болуы жайлы ақпаратты 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша көрсетеді.
Алғашқы екі кезеңнің қатысушылары: мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай – ақ олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны -270.00 нысанын ұсынады.
Декларацияны электрондық түрде салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», «Halyk Bank», «Kaspi Bank», Банк «ЦентрКредит» мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Декларацияны тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсыну қажет.
Декларацияны ұсыну мерзімі – 15 қыркүйек. 15 қыркүйек осы жылы демалыс күні болып табылатындықтан ұсыну мерзімі 16 қыркүйекке келеді.
Декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер декларацияны тапсырмаған немесе тапсыруды кешіктірген болса, онда ескерту жасалады, ал оны бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін жеке тұлғаларға – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда толық емес, анық емес мәліметтер ұсынылса онда ескерту жасалады. Оны бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Декларацияны ұсыну мерзімінің аяқталуына 12 күн қалды!
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салық міндеттілікті уақытында орындауды сұрайды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы