
1. 2024 жылы бейрезиденттер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну қажет пе?
Жоқ, қажет емес. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне бейрезидент-жеке тұлғаларды декларанттар шеңберінен активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну міндетінен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2. Мен жеке кәсіпкермін және 2023 жылы қызметті тоқтаттым. 2024 жылы 250.00 нысанындағы декларацияны тапсыруым керек пе?
Иә, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндеттемелер (250.00-нысаны) өз қызметін тоқтата тұрған және әрекетсіз кәсіпкерлерде де туындайды.
3. Менде Қазақстанның бірнеше қаласында жылжымайтын мүлік бар. Мен барлық пәтерлерімді декларацияда көрсетуім керек пе?
Жоқ, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда Қазақстан Республикасынан тыс шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік қана көрсетіледі.