Жарияланған күні: 10.09.2024 17:21
Өзгертілген күні: 10.09.2024 17:25

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 - нысаның) ұсына бастады.

Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы және оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.

Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынылады. Биылғы жылы 15 қыркүйек демалыс күніне сәйкес келетіндіктен, декларацияны ұсыну мерзімі 16 қыркүйекке ауыстырылады.

Декларацияны келесідей ұсынуға болады:

1. электронды түрде:

- «Салық төлеушінің кабинетті» (cabinet.salyk.kz) электрондық сервисі;

- «Электронды үкімет» порталы (egov.kz);

- «е-Salyq Azamat», «eGov mobile» мобильді қосымшалары;

- Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz, т.б. екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

2. қағаз тасығышта:

- Мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібінде;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

- «Қазпошта» АҚ бөлімдері арқылы ұсынылады.

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі 7 күннен кейін аяқталатынын еске саламыз.

Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салық міндеттемесін уақытылы орындалмауын болдырмау үшін декларацияны тапсыруды кейінге қалдырмауды сұрайды!