Жарияланған күні: 21.10.2024 11:45
Өзгертілген күні: 21.10.2024 11:48

Құрметті салық төлеушілер!

 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (осыдан әрі – Салық кодексі) 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары (осыдан әрі – БКМ) мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi

Бақылау-касса машинасының чегі Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес қажетті ақпаратты, оның ішінде "тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын" қамтуға тиіс.

Қазіргі уақытта фискалдық деректер операторларының ақпараты бойынша жекелеген салық төлеушілердің БКМ чегінде міндетті болып табылатын жоғарыда аталған деректер жоқ, бұл БКМ қолдану тәртібін бұзу болып табылады.

Осы бұзушылықты жою үшін чекті аталған ақпаратпен толықтыру үшін "БКМ техникалық қызмет көрсету орталығына" хабарласуды ұсынамыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД мемлекеттік қызметтер басқармасы