Жарияланған күні: 01.11.2024 15:02
Өзгертілген күні: 01.11.2024 15:04

Жолаушылар кедендік декларациясы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде жеке тұлғалармен декларациялау кезінде қолданылатын декларация түрі.

 

Қызметтің атауы: жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау.

Қызметті алушылар: жеке тұлғалар.

Қызметтің құны: тегін.

Қызмет көрсету мерзімі: жолаушылар кедендік декларациясы тіркелген сәттен бастап 4 сағат жұмыс уақыты ішінде.

 

Декларацияны тапсыру тәсілдері:

  • eGov.kz электрондық үкімет порталы
  • E-salyq azamat мобильді қосымшасы.

E-Salyq Azamat-та декларацияны тапсыру нұсқаулығы мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=ZJNjGoxr1nA

Қазіргі уақытта мобильді қосымша арқылы ЖКД-ны халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберілетін және тасымалдаушылар жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, ақша қаражаттары мен ақша құралдарына беруге болады.

 

Жолаушылар декларациясы қатаң белгіленген нысанға ие, оны басқа кедендік құжаттардан ерекшелендіретін бірқатар сипаттамаларға ие және нақты деректемелерден тұрады.

 

ЕАЭО аумағына әкелу кезінде саны мен құны бажсыз әкелу нормасынан асатын тауарлар міндетті декларациялауға жатады.

 

Жеке тұлғалардың кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын белгіленген нысан бойынша декларацияламағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

кедендік әкімшілендіру басқармасы