Жарияланған күні: 29.11.2024 18:07
Өзгертілген күні: 29.11.2024 18:09

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп айрықша тауар – фреон R134-а тасымалдау фактісін анықтады.

"Шарбақты" автомобиль өткізу пунктінде (Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен шекарасы) "Қарағанды-Новосібір" бағыты бойынша жүретін жолаушылар автобусын тексеру барысында екі мақсатты, қауіптілігі 2 – сыныпты ерекше тауарлар тобына жататын және қауіпті жүктерді тасымалдаудың арнайы ережелерін көздейтін газ-фреонды рұқсат құжаттарсыз тасымалдау фактісі анықталды.

Фреонды тасымалдаған автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға материалдар сотқа жіберілді.

Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотының қаулысымен автобус жүргізушісі кінәлі деп танылып, 40 мың теңгеге жуық көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, қауіпті жүк тәркіленді.

Қазіргі уақытта МКД Павлодар облысының көлік прокуратурасына және Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына осындай бұзушылықтарды болдырмау, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдау үшін хаттар жолданды.

 

         Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы