
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің (МКД) қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп қос мақсаттағы тауарды АН – 2Т әуе кемесін тасымалдау фактісін анықтады.
–"Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде (Ресей Федерациясының Омбы облысымен шекарасы) "МАЗ 54323" маркалы көлік құралын тексеру барысында бағалау құны – 1 800 000 ресей рубль, салмағы 3 тонна 600 кг болатын АН-2Т ұшағын тасымалдау фактісі анықталды. Ұшақты М азаматы аукционда жеке мақсаттар үшін сатып алды. Шекарадан өту кезінде М азаматында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болған жоқ (өзіндік ерекшелігі бар тауар азаматтық мақсаттарда да, әскери мақсаттарда да қолдануға жатқызылуы мүмкін), – экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қантарбаев айтып берді.
Ұшақты қажетті рұқсат құжаттарсыз тасымалдаған М азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасау материалдары сотқа жіберілді.
Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен М азаматы кінәлі деп танылып, 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы