Жарияланған күні: 20.12.2024 17:07
Өзгертілген күні: 20.12.2024 17:09

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) тарту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

– "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорға ай сайынғы аударымдарды және (немесе) жарналарды жүзеге асыратын, сондай-ақ жарналарды төлеуден босатылған тұлғалар МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқылы. МӘМС жүйесі жарнаның мөлшеріне қарамастан, ай сайынғы негізде аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі қағидатына негізделген, барлық сақтандырылғандардың медициналық қызметтер пакетіне тең қолжетімділігі көмек сұраған кезде көлемі мен құнын шектемейді. МӘМС жүйесіндегі Павлодар облысы кәсіпорындарының талдауы көрсеткендей, қазіргі уақытта 2300 – ден астам салық төлеушінің 63 млн.теңгеге жуық берешегі бар, – деп атап өтті Павлодар облысы бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерболат Ғаббасов.

БАҚ өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД-ның

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы