Жарияланған күні: 21.04.2025 18:20
Өзгертілген күні: 21.04.2025 18:26

Сұрақ: Темекі өнімдерін таңбалауды кім жүзеге асыруы керек?

 

Жауап: Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарын таңбалауды оларды өндіруші жүзеге асыруға тиіс.

 

Біздің елден тыс жерде өндірілген темекі өнімдерін таңбалау импорттаушының міндетіне жүктеледі.

 

Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті таңбалау 2020 жылдың 1 қазанынан бастап енгізілді.

 

Темекі бұйымдарын таңбалау Data Matrix тауарларына өнім айналымының ашықтығын арттыру, салауатты бәсекелестікті қолдау, нарықты заңсыз өнімнен қорғау, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және бюджетке салық түсімін ұлғайту үшін кодты салу арқылы жүргізіледі.

 

Тұтынушыға таңбалау сатып алынған тауар туралы толық ақпарат алуға және өзін контрафактіден сақтандыруға мүмкіндік береді.

 

Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидалары және оларды еліміздің аумағында одан әрі қадағалау тәртібі ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен айқындалған.

 

Темекі өнімдерін таңбалау мәселелері бойынша толық ақпаратты ismet.kz/ru/main/about-marking сайтынан, t.me/markirovkatovarov Telegram әлеуметтік желісіндегі ресми бетінде, сондай-ақ 8 (800) 080-65-65 телефоны бойынша (қоңырау шалу тегін) алуға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы