
Қазақстан Республикасы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес жеке заңнама актілеріне, соның ішінде Салық кодексіне (2016 жылғы 26 шілдедегі №12-IV ҚРЗ) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне шетелдік қаржыландыруға мониторинг бақылау жасау жөнінде тиісті түзетулер енгізілді. Кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен өзгерістер шетелден келетін қаржыны бақылау жүйесін жетілдіру үшін енгізілді, өйткені бұл ағым айқын емес.
Аталған заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сәйкес, коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған әрекетті есептемегенде, құқықтық көмек көрсету, соның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету, сондай-ақ, оларға кеңес беру; қоғамдық пікірді зерттеу және сұрау (коммерциялық мақсатта қоғамдық пікірді сұрау және әлеуметтік сауалдама жүргізуді есептемегенде), әлеуметтік сауалдама жүргізу, сонымен қатар олардың нәтижелерін тарату және орналастыру; ақпаратты жинау, талдау және таратуға бағытталған шетел дереккөзінен ақшалай қаражатты және (өзге) мүлікті алу туралы мәміле жасасқан тұлғалар салық органын белгіленген нысанда, шетел дереккөзінен ақшалай қаражатты және (өзге) мүлікті алу туралы мәміле жасағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Сондай-ақ, есептік кезеңнен кейінгі 15-і күні салық органына белгіленген нысанда алынған ақшалай қаражат және (өзге) мүлік және жасалған шығындар туралы мәлімет ұсынылады.
Шетел қаржыларын алу және оны жұмсау туралы мәлімет салық органдарына тоқсанда бір рет жіберіледі. Қаражат бір тоқсан ішінде жұмсалған жағдайда, екінші тоқсан үшін мәлімет ұсынылмайды.
Хабарлама мен мәлімет нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген. Мәліметті ұсыну ыңғайлы болу үшін салық органы оларды қағаз және электрондық цифрлік қолтаңбаны пайдаланып, электронды түрде қабылдайды.
Қосымша, салық органдарын хабардар ету міндеті «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 14 бабында белгіленгенін хабарлаймыз. Осы міндеттемені орындамау заңмен белгіленген әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Сонымен қатар, бұл бап бойынша нақты кейбір тұлғалар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған, заң әрекетіне адвокаттар, нотариустар, дипломатиялық өкілдіктер, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары кірмейді.