
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына тікелей немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілеті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтінішті;
2) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжатты ұсынады.
Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды өз бетімен ұсынған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда берген кезде дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда тізбеленген құжаттарға заңдыөкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органның шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етілген, дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негізінде жүргiзiледi.
Мемлекеттік кірістер органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.
Мемлекеттік кірістер органы,егер:
1)салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайларда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебіне қоюдан бас тартады.
Салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша тұрғылықты жерлеріндегі қалалар мен аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгінуге немесе Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 8 (7182) 61-32-81 сенім телефондарына хабарласуларыңызға болады.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті