Date of publication: 07.03.2024 15:58
Date of changing: 07.03.2024 16:07

         Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ұжымның ең жақсы жартысы әдемі жартысын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

         Департаментте қалыптасқан дәстүр бойынша осы күні сүйкімді әйелдерге барынша көңіл бөлінді-құттықтаулар, әндер, гүлдер, сыйлықтар.

         Департамент басшысы Ержан Тоқтарханов әріптестеріне құттықтау сөз сөйледі.

         – Біздің облыстың мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде елдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға белсенді қатысатын 250-ден астам әйел жұмыс істейді. Салықтардың тұрақты түсімі жалақыны, зейнетақылар мен жәрдемақыларды қалыптастыруға, тұрғын үй, жолдар, коммуникациялар салуға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл Сіздердің еңбегіңіз! Сіздер үй ошағын қолдайсыздар, балалардың салт – дәстүрлеріне, оның мәдениетіне, тарихына, тіліне құрметпен қарайсыздар, – деп атап өтті Ержан Тоқтарханов.

         Мереке қарсаңында лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін Департаменттің үздік қызметкерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды.

         Концерт барлығына көптеген эмоциялар, қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады!

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы