Date of publication: 04.09.2018 11:23
Date of changing: 04.09.2018 11:26

Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы нысаны меншік құқы бар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрғын үйлер, ғимарат, саябақ құрылыстары, гараждар және басқа да имараттар, орын-жайлар болып табылады.

01.01.2017 жылдан бастап жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы және жер салығын есептеу және төлем жүргізу мерзімі өзгертілді.

Жекетұлғаларға салынатын мүлік салығы және жер салығы төлемдері есепті салық кезеңінен кейінге жылдың 1 қазанынан кеш емес уақытқа дейін жүргізіледі, яғни 2017 жылғы салық төлемдерін 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет.

2018 жылдың 1 қазанынан бастап салық заңнамасына енгізілген жаңа нормаға ерекше көңіл аударуды сұраймыз:

жеке тұлға 1 еселік айлық есептік көрсеткіштен астам көлемдегі салық берешектерін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда жеке тұлғаға салық берешегі туралы хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күн өткеннен кейін салық органы жеке тұлғадан берешекті өндіру туралы салық бұйрығын шығарады;

- салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органы салық бұйрығын мәжбүрлеп орындау үшін атқару органдарына жолдайды. 

Бұл ретте салық қарыздарын өндіру кезінде сот орындаушының қызмет  төлемақысы өндірілетін соманың 25 пайызын құрайды. 

Бұл жағдайда жеке тұлғада салық берешегінен басқа қосымша шығындар туындайды, оған салық берешегімен қоса, сот орындаушысының пайыз төлемдерін төлеу қажет болады. 

«Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 33- бабының 1-тармағына сәйкес, егер борышкер атқарушылық құжаттағы жиырма айлықесептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы. 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шаралар алынып, әрбір өткізіп алынған күн үшін өсім ақы есептелетіндіктен жеке және заңды тұлғаларға өткен жылдардың салық берешектерін өтеуді, сонымен қатар мүлік және жер салықтарын уақытылы төлеу қажеттігін қаперлейміз.