Date of publication: 02.11.2018 10:47
Date of changing: 02.11.2018 10:51

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (Департамент) хабарлайды, 2018 жылғы 1-қарашадан бастап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасында орналасқан өткізу пунктерінде Департаменттің Экспортты бақылау басқармасы қызметкрелері мен Қазастан Республикасы ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірге, Шығару тізіміне кіретін тауарлардың жылжуына талдау жасайды. Бұл тізімге Қазақстан Республикасы аумағында үшінші елдер аумағынан импортталған тауарлар кіреді, яғни бұл тауарларға кедендік баждың төмендетілген тарифтері мен  төмендетілген тарифтер өлшемі қолданылады.

Бұл іс-шара Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне байланысты және ЕАЭО кіретін мүше мемлекеттердің алдында қабылданған міндеттерге сай жасалуда, яғни үшінші елдерден төмендетілген кедендік бажбен және тарифтермен енгізілген тауарлар, кейін біздің елдің аумағынан ЕАЭО елдері аумағына қайта экспортталмайтынын қадағалау үшін жасалуда.

Одан басқа, ұлтық қауіпсіздік шеңберінде және қабылданған халықаралық міндеттемелер негізінде, Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен қос қолданылатын технологияларды, яғни  шикізат, материалдар мен құрылғыларды заңсыз тасымалдау әрекеттерін болдырмау мақсатында талдау жүргізілмек.

Өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық тауарлар мен жүктерге қатысты талдау жасалады, ал сыртқы экономикалық қызметке қатысушы қызметіне ешқандай бақылау қызмет түрлері қолданылмайтынын атап өткен жөн.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті