Date of publication: 22.02.2019 10:20
Date of changing: 22.02.2019 10:22

Мелекеттік кірістер органы саласының қызметтерінің басты бағыттарының бірі  мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың сапасын арттыру болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметтерді алу өтініштері бойынша жеке тәртіпті және олардың құқығын, еркін және заңдық мүддесін, оларға материалды және материалды емес игілікті ұсынуды  жүзеге асыратын жеке мемлекеттік қызметтерді іске асыратын нысанның бірі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» №88- V заңмен реттеледі.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 09 акпандағы №45 қаулысымен мемлекеттік қызмет көрсету тізімі бекітілді, оның ішінде 44 қызмет көрсету мемлекеттік кірістер органымен көрсетіледі.

        Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 2018 жылы 849823   мемлекеттік қызмет көрсетілді, онын ішінде 787071 қызмет немесе 92,6 пайыз электрондық түрде веб-портал арқылы қөрсетілген, 18313 қызмет немесе 2,2  пайыз қағаз түрінде қөрсетілген, қалған 44439 (5,2%) мемлекеттік қызметтер электронды түрінде, қағаз түрінде көрсетілуге жарайды.

        Мемлекеттік кірістер органымен халыққа және бизнес субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі белгілі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері және стандарттар әзірленді және бекітілді, жыл сайын электронды түрде ұсынылатын қызмет көрсету спектрі кеңеюде.

         Айта кететін жай, «Салық есептілігін қабылдау» ретіндегі жаппай қызметінің бірі ұсынған автоматтандыруға байланысты, бүгінгі күнде  салық төлеушілердің 100% электронды қызмет көрсету түрін пайдалануда.

          Салық төлеушілердің ақпараттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік кірістер саласының барлық басқармаларында, соның ішінде қайта тіркелген бизнес субъектілеріне көмек көрсету, салық заңнамасын түсіндіру бойынша «Бірыңғай косультативті күн» акциясы жүргізілуде. Әрбір салық төлеушіге салық өтініштерін, жадынамаларды және көрнекі құралдарын беру арқылы тіркеу есебіне қою тәртібі түсіндірілді.

         Қалалық және аудандық МКБ әрбір ақпаратты қабылдау және өңдеу (бұдан әрі - Орталық) Орталығында қолайлы жағдай жасалған.

Мемлекеттік қызметкерлері салық төлушілерге қызмет көрсету кезінде Орталыққа қатысты жұмыстар, басқа да мәселелер  және Орталық жұмыскерлерінің стандартты тәртібін, құжаттарды қабылдау, өңдеу және беру тәртібі Орталықтағы Жұмыс ережесін басшылыққа алады. Атап өтетін жайт, 2018 жылы Орталық қызметкерлерінің жұмыстарына шағым түскен жоқ.

         Келушілерге сапалы қызмет көрсету үшін Павлодар, Екибастуз және Аксу калалар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Орталығында кезекті  басқару электронды жүйесі қызмет жасайды.  Осы жүйенің сандық және сапалы көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың нәтижелері салық төлеушілерге қызмет жасау   және күту уақыттарының төмендеген оң динамикасын көрсетті

         Алған қызметтерге максималды қанағаттану мен ұсынылған  мемлекеттік  қызмет сапасын  арттыру мақсатында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен  жүйелі негізде мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі бойынша іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар «Құпия тұтынушы» тәсілімен қызмет сапасының бақылауы, уақытылы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне тақырыптық тексерістер, кезекті  басқару электронды жүйесінің көрсеткіш бағасы мен талдауы, ақпараттық жүйелер көмегімен қызмет көрсету мерзімдеріне аралық бақылау және т.б. іске асырылады.   

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының салық төлеушілер Ассоциасымен бірігіп мемлекеттік кірістер органының жұмыс сапасына қызмет алушылардың қабылдау деңгейін анықтау бойынша Республика халқы мен кәсіпкерлердің сауалы  жыл сайын іске асырылады. 

Павлодар облысы бойынша МКД мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы