Date of publication: 26.11.2019 01:54
Date of changing: 26.11.2019 09:55

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Департамент басшысының м.а. Бауыржан Айнабековтің төрағалық етушілігімен сауда үйлері өкілдерімен, патент негізінде қызмет ететін онлайн-БКМ қолдану сұрақтары бойынша облыстық штаб кәсіпкерлерімен семинар-жиналыс болып өтті.

Семинарда кәсіпкерлерге онлайн-БКМ енгізудің мақсаты мен мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, төленген ЖТС 50% өтеу, онлайн-БКМ орналастырмаған жағдайда заңнамада көзделетін әкімшілік жауапкершілік.

Семинар барысында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап саудамен айналысатын салық төлеушілер, патенттен басқа арнайы салықық режимдерге көшу сұрақтары, ағымдағы жылдың ішінде өткізіліп жатқан салықтық науқандар мен жоспарланған жалпыға бірдей декларациялау мен 2020 жылы енгізілетін жаңашылдықтар талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша 2020 жылға жалға беру келісім-шарттарды жасау кезінде, салықтық заңнама шарттары мен талаптарын сақтау, сонымен қатар онлайн-БКМ міндетті қолдануды ескеру туралы кеңес берілді.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы