Date of publication: 14.05.2020 02:24
Date of changing: 14.05.2020 02:26

75 жыл бұрын қанды шайқас өтті. 75 жыл бұрын Қызыл алаң бойымен жеңіске жеткізген жауынгерлер жеңіс маршымен өтті. 75 жыл бұрын біздің халқымыз үшін ең сұрапыл соғыс аяқталды.

Жеңіс күні – әр адам жүрегіне аса қымбат. Біз үшін Жеңіс күні, тек қана жеңіс емес, ол едәуір үлкен ұғым. Ол халықтық - күші, билігі мен еркі символдары іспеттес. Бұл күні біз қарбалас сезімді сезінеміз: қатты ауырсыну мен үлкен қуаныш күйін шертеміз.

Біздің бағымызға, сол соғыс батырларын көруге, оларға көмек етуге, құттықтауға жазыпты. Бүгінгі күні біздің қолдан келеріміз - ол жеңіске қалай жеткенімізді мәңгі есте сақтау. 

Черный Михаил Павлович – Павлодар облысы салық органдарының мақтанышы. Михаил Павлович Черный біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады.

Ұлы Отан соғысы ардагері, салық органдарының мақтанышы Черный Михаил Павлович (21.01.1926 ж. – 27.12.2018 ж.) естеліктерінен.

Мен, ҚР Павлодар облысы Цурюпинск ауданы (қазіргі Щарбақты)Татьяновка ауылында 1926 жылдың 21 қаңтарында дүниеге келдім.

1938 жылы әке-шешем Щарбақты бекетіне көшті. Әкем тракторжасау бекетінде жұмыс істеді.

1941 жылға дейін мектепте оқыдым, одан кейін заводтық-фабрикалық оқуға Балхаш қаласындағы мыс қорыту зауытының прокат цехына жолдама алдым.

1942 жылы дертіме байланысты мені үйіме жібереді.

1943 жылдың 7-қарашасында Цурюпиндік аудандық әскери комиссариаты Қызыл Әскер қатарына жұмысшылар қатарына шақырылып, Павлодар облыстық әскери комиссаритқа жіберіп, сол жерде мен бір ай болдым.

1943 жылы эшелонға салып, Семейдегі 125-ші запастағы полкқа жібереді.

1943 жылдың 15-желтоқсанында мен әскери ант қабылдадым. Үш ай ішінде әскери іске үйреніп, қалада күзет қызметін атқардық.

1944 жылдың сәуірінде біздің полкті әскерге Беларусь майданына жіберді. Бұл 306-шы атқыштар дивизиясы құрамындағы 992-ші полк еді. Бір ай бойы майданға ұқсас шарттарда, яғни қару мен техниканы пайдаланумен оқу өткізілді.

Соғыстың алғашқы дәмін мен Витебск бағытындағы «Багратион» операциясы кезінде алдым. Біздің батальон Шумилино бекетіне қарай жылжыды. Ол жер орманды-батпақты болып, майдан ұзаққа созылды. Бекеттің шетіне тұрған кезде, бізді өзіміздің шабуылдаушы ұшақтар оқ жаудырды. Біз қойған мақсатымыздан таймадық, қарсылас бізге қарсы шабуыл жасамады. Тек, Ригаға жақындаған кезде қатты шайқас басталды.  1944 жылдың 15-қыркүйегінде біздің ротамыз орманды алқадан шыға берісінде, бізге неміс самолеты шабуыл жасады. Ол ұсақ бомбыларды лақтырды. Менің сол жақ қолыма тиді.

1944 жылдың 11-қарашшасында № 2478эвакогоспитальде емделіп шыққан соң, 10 күн емделіп жатқандарға арналған батальонда жатып шықтым. Содан кейін 164-ші атқыштар дивизиясының 620-шы атқыштар полкіне жіберілдім. Бұл дивизияның бөлімдері  Любава портының маңында теңізге қарай неміс әскери тобына қасымдық көрсетті. Оған украиндер, власвовтар мен белорусьтер және балтық ұлттары кірді. Аталмыш неміс әскери тобы көптеген қару-жарағының мен әскери техникасының бар болуын пайдаланып, соңына дейін берілмей қарсы шабуыл жасады.

Жер батпақты болды, орманмен жабылған.Күн сайын жаңбыр, түнде қар жауды. Біздің бөлімімізді, көбінесе түнде, бір участкіден басқа жерге, үнемі ауыстырып отырды. Кезекті орын ауыстыру кезінде біз қарсыластың минометті атуына шалдықтық, мен қатты жарақат алдым. Менде бес сынықтардағы жаралар болды, оң аяғымда бір саусақсыз қалып, аяғым етіксіз қалды. Бұл 1944 жылдың 29-желтоқсанында болды.

Далалық ауруханадан мені Прибалтикадағы ескі әскери крепостьта орналасқан госпитальге, содан соң Киров облысының Луза қаласындағы № 3469эвакогоспитальге жіберді.

1945 жылдың 10 сәуірінде емделіп шыққан соң, комиссия мүшелері мені жарамсыз деп танып, маған 2 топтағы мүгедектікті қойды.

Үйге мен үш жұмадай жеттім. Үйге келген соң, мен жоқшылықты көрдім. Бірақ, анам менің 5 інімді, 1 қарындасымды аман сақтап қалған. Әкемді майданға шақырғанда қарындасым бірге де толмаған еді. Барлығы біздің отбасымызда 6 аға 2 қарындас болды. Мен ең үлкені болатынмын.

Жеңіс күнін мен үлкен қуанышпен қарсы алдым, өйткені өзім де бұл Жеңіске үлес қостым, соған мақтанамын.

Ешқандай оқу орнын бітірмей, 6 сыныптық білімімен, кішігірім зейнетақы алып, мен отбасымның асырауын өз қолыма алдым. Әкем әскерден тек 1945 жылдың желтоқсанында оралды.

Жұмысты қайда табуға болады деген сұрақ туындады? Физикалық күшті талап ететін жұмысқа бір қолыммен мені ешкім алмайды. Өзге ешнәрсе істей алмаймын. Тағдырдың қалауымен мен қаржы қызметкері болдым. 

1945 жылдың маусымында менің жарақатым ашылып, мені Павлодар қаласындағы облыстық  емханаға жіберді. Павлодарда кездейсоқ мен жолдас Кужанберлинмен таныстым. Ол біздің ауданға аудандық қаржы бөлімінің басшысы ретінде жіберілді. Ол мені жұмысқа шақырды. Мен оған 6-сыныптық білімім ғана бер дегенде, ол: «Жассың әлі, оқисың», - деді. 

Көп ойланбастан мен аудандық қаржы бөліміне баруды бел будым. Бұл 1945 жылдың 27-маусымында болған еді. Мені басшы қабылдап, біраз әңгімелесуден кейін, мені бас есепші қызметіне, көпбалалы және жалғыз басты аналар бөліміне жұмысқа алды. Жұмыс ауыр болған жоқ, есептеме жүргізу болды, ал сол жылдың 13-тамызынан бастап мені сол бөлімнің бас ревизор инспекторы қызметіне ауыстырды.

1946 жылдың 20 сәуірінде Цурюпинск ауданы қаржы бөлімінің мемлекетік кірістердің бас инспекторы болып тағайындайды. Бұл жерде мен 3 жылдам астам уақыт ішінде аудандық қаржы бөлімінің басшысы ретінде қызмет атқардым.

1964 жылдың 5 қазанында  облыстық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер мен салықтар бөліміне, бірінші 2 ай ішінде бас ревизор, содан соң 5 жыл – төлемдер мен пайда бойынша мемлекеттік кірістер бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқардым.

Менің еңбек және майдан өтілім – 54 жыл. Оның 50 жылдан астамы салық органдарында. Құрметті еңбек демалысына 1998 жылы шықтым.

Жұмыс істеген кезімде өзімнің жалпыбілімдік деңгейімді және біліктілігімді жоғарылата жүрдім. Өзім оқып, соңымнан ергендерді де оқыта жүрдім.

Сырттай «КСРО мемлекеттік кірістері» мамандығы бойыншаКСРО Мемлекеттік банкінің Алматылық бухгалтерлік есеп және несие колледжін, Алматылық халық шаруашылығы институтын тәмамдадым, 6 рет біліктілікті жоғарлату курстарында болдым, онығ 5-уі Ленинград қаласындағы аудандық қаржы бөлімдері басшыларының бір айдық курстары еді.

Қоғамдық жұмыста та белсенділік таныттым - «Колос» ревизиондық комиссиясының төрағасы, мемлекетік мекемелер жұмысшыларының кәсіпкердік одақтардың аудандық төрағасы, облыстық халықтық бақылау комитетінің штаттан тыс инспекторы. 25 жылдан астам облыстық қаржы бөлімі партиялық бюро бірінші ұйымының орынбасары, содан соң хатшысы. Қазақстан кәсіпкерлік одақтың Х1 съездінің қатысушысы. 8 жылдан астам уақыт ішінде Павлодар облысы еңбек салық комитеті мен соғыс ардагерлері бірінші ұйымының төрағасы, соғыс пен еңбек Павлодар одағының Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерімен жұмыс комиссиясының төрағасы.

Ұлы Отан соғысындағы ерлік пен еңбектік жеңістер үшін үкіметтік марапаттауларға ие болдым – Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі ордені; ҚР мен КСРО-ның 15 медалі: «Ерлік үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отансоғысы мен Германияны жеңгені үшін 30 жылдық» медалі, «Тың жерлерді игерудің 50 жылдығы», 6 төс белгі, оның ішінде «Қаржы қызметінің үздігі».

1947 жылдың 20 қарашасындағы №68 Қазақ СРК қаржы министрінің бұйрығымен,Ұлы Қазан төңкерісініңХХХ жылдығына орай,  социалистік міндеттемелерді орындауда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін республикалық Құрмет тақтаға енгізілді.

6 құрмет грамотасымен марапатталды, оның ішінде КСРО қаржы Министрлігі, мемлекеттік мекемелер кәсіподақ жұмысшылар Орталық комитетінің, 18 алғыс хаттарым бар. 

Жарым, еңбек ардагері, есепші, Ольза Кузьминична «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы жылдарында Ерең еңбегі үшін» медаль иегері, 2 қыз бала өсірдік. 4 немере мен 5 шөбере сүйдік.