Date of publication: 02.10.2020 16:58
Date of changing: 02.10.2020 17:00

Құрметті павлодарлықтар!

Қазақстанда жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы іске асуда. Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар, жұмыстар және қызметтер үшін чекті Wipon тегін мобильді қосымшасы арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Желтоқсан айында қатысушылар арасында 1 000 000 ойнатылады. Қатысыңыздар! Ұтысқа ие болыңыздар!

Күнделікті Сіздер әр түрлі тауарлар мен заттар сатып аласыздар, яғни күн сайын бақылау касса-машиналарының қолдануымен және түбіртек берумен (БКМ) кездесесіздер, бірақ тәжірибеде көбі түбіртек беруге немесе алуға көңіл бөле бермейді.

Түбіртек бермеу кәсіпкерлік субъектілерінің нақты кірісін жасыру болып табылса, сонымен қатар бюджетке салықтың толық түспеуіне кедергі болып табылады. Салықтардың толық түспеуі, мемлекет жоспарлаған көптеген бағдарламалардың жүзеге аспауына әкеп соқтырады. Сол себепті, кез-келген сатып алынған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін түбіртек беруді талап еткен жөн. Бақылау түбіртегінің түпкі түсінігі –  ол бақылау-касса машинасының алғашқы есеп құжаты, сонымен қатар сатып алушы мен сатушының арасында ақшалай есеп айырысуды растайтын дәйек болып табылады.

Одан басқа, түбіртек талап етіп, сіз ең біріншіден тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделеріңізді қорғайсыздар. Мәселен, сатып алған тауарларыңыз ұнамай қалса немесе басқа да себептерге байланысты сіз оларды қайтаруға шешім қабылдасаңыз, басқа затқа қайтарып алуға немесе айырбастау үшін, қолыңызда бақылау түбіртегі болған жөн. Болмаған жағдайда, сізге сатып алу туралы дәйегін дәлелдеу қажет. Түбіртекті қолға беру – міндетті талап!

Назарларыңызды аударамыз,  мемлекет Басшысының микро- және шағын бизнесті табысқа салынатын салықтан және тексеру жүргізуді тоқтату туралы жариялағанына қарамастан, сонымен қатар «COVID-19» пандемиясы кезінде басқа да жеңілдіктер мен босатулар жүргізілсе де, салық төлеушілерге түбіртектерді беруден ешкімді босатпайды.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарын саналы болуға, яғни кез-келген сатып алған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін түбіртекті талап ету арқылы бюджетті толтыруға жәрдемдесуді сұрайды.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы