Жарияланған күні: 30.09.2020 16:43
Өзгертілген күні: 30.09.2020 16:44

Құрметті салықтөлеушілер!

2019 жылғы жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын төлеу мерзімі жақындап келеді, оларды ағымдағы жылдың 1-қазанынан кешіктірмей төлеу қажет.

Салықтық міндеттемені уақтылы орындау үшін, салықтар бойынша төлемдерді екінші деңгейлік банк, банкоматтар мен еGov.kz порталы және kgd.gov.kz мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы немесе банктердің мобильдік қосымшалары мен «eSalyq» мобильдік қосымшасы арқылы төлеуге болады.

«e-Salyq» қызметі мемлекеттік қызметтерді уақытында алуға мүмкіндік береді. Ол үшін салық органдарына бару үшін, алдын-ала уақыты мен күнін онлайн түрде брондауға болады. Аталмыш қосымшаны жүктеп алу арқылы, өзіңізге ыңғайлы уақытта баруыңызға болады.

Естеріңізге саламыз! Жеке тұлғаларға мүлік және жер салығын уақтылы төлеу қажет, өйткені әр кешіктірген күн үшін өсімпұл есептелініп.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті