Жарияланған күні: 15.01.2019 15:18
Өзгертілген күні: 15.01.2019 15:20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2015-2017 жылдар үшін алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу бойынша мемлекеттік кірістер органының талаптарына қатысты мынаны хабарлайды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қызметтің осы түріне лицензия олардың қолданылу мерзімі шектелмей берілетіні белгіленген.

Қызметін ерікті түрде тоқтатқан кезде лицензияның иесі лицензияны және лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензияны берген органға қайтаруға міндетті.

2018 жылға дейін қолданыста болған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексінде алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензиясы бар тұлғаға 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін жыл сайынғы лицензиялық алым сомасын төлеу бойынша міндет жүктелген.

2017 жылғы 25 желтоқсандағы жаңа Салық кодексінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы лицензиялық алымның орнына жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы енгізілген (Салық кодексінің 555-558 баптары).

Жыл сайынғы лицензиялық алымнан айырмашылығы бұл төлемақы жылына толықтай бір рет төленбейді, тең үлеспен 25 наурызда, 25 маусымда, 25 қыркүйекте және 25 желтоқсанда төленеді. Ал оның мөлшерлемесі әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты кейбір төмендетулермен, белгіленген:

- астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – 100 АЕК;

- басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК;

- ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК.

Нормативтік құқықтық актінің қолданысы оны қолданысқа енгізілгенге дейін туындағандарға қатысты қолданылмайтындықтан, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу  бойынша лицензиясы бар және оның күші жойылғанға дейін жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемейтін тұлға, яғни 2015-2017 жылдары, лицензияланатын қызметін жүзеге асыру фактісіне байыланыссыз, оны төлеу бойынша өзінің салық міндеттемелерін орындауға міндетті.

Алымды уақытылы төлемеген тұлғаға мемлекеттік кірістер органы сот тәртібінде алымды төлеу бойынша талаптар қояды.