Жарияланған күні: 14.03.2019 11:24
Өзгертілген күні: 14.03.2019 11:26

2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кеден қызметтері басшыларының 7-ші кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінiң Төрағасы Марат Сұлтанғазиев, Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Исмаил Гусейнов, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сұлтан Мамасадықов, Түркия Республикасы Сауда министрінің орынбасары Гонджа Ышык Йылмаз Батур және мүше мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Отырыстың модераторлары ретінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінiң төрағасы Марат Сұлтанғазиев пен Түркi кеңесiнiң Бас хатшысы Бағдад Әміреев сөз сөйледі. Осы кездесуде делегациялар басшылары 2017 жылдың мамыр айында өткен соңғы кездесуден бастап кеден саласында атқарылған жұмыс қорытындысын талқылады.

Тараптар, «Жiбек жолы» бастамасы, «Керуен сарай» жобасы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, 2019 жылға арналған оқу бағдарламалары, Түркi кеңесi Жiбек жолы сауда керуенiн таныту мақсатында өтетiн инфотур және күн тәртiбiндегi басқа да мәселелер туралы пiкiр алмасты.

Кездесу барысында Түркi кеңесi мүше мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi арасында кедендiк бақылау саласында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.