Жарияланған күні: 13.05.2019 18:29
Өзгертілген күні: 13.05.2019 18:31

Бүгін, 2019 жылдың 13 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев жаңадан тағайындалған Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Айнабеков Бауыржан Қазбекұлын ұжымға таныстырды.

Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы, 1971 жылы туған, қазақ, жоғары білімді. Еңбек жолын 1994 жылы салық органдарында бастаған. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Салық комитеттерінде әр түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы  №423-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.