Жарияланған күні: 29.01.2024 17:17
Өзгертілген күні: 29.01.2024 17:20

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде "ЕАЭО елдеріне алып қою тізбесінен тауарларды әкету кезіндегі қадағалау паспорты бойынша пилоттық жоба" тақырыбында zoom-конференция өтті.

– 2024 жылғы 22 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды алып қою тізбесінен ЕАЭО елдеріне әкету кезінде қадағалау паспорты бойынша пилоттық жоба басталды. Тестілеуді Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесінен тауарларды әкетумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асырады. Қағаз шот-фактураларды куәландырудың қолданыстағы тәртібі сақталады. Паспорттың функционалы тестілеуді өткізу және перспективада қағаз жүзінде куәландыру рәсімін жою үшін шаралар қабылдау мақсатында қосымша шара болып табылады. Қадағалау паспортын автомобиль өткізу пункттеріне тартылған МКД қызметкерлері де, Ресей ФКҚ қызметкерлері де тексеретін болады, осыған байланысты тасымалдаушыға аумақтық МКБ беретін мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ЭШФ АЖ - дан қадағалау паспортының басып шығарылған нысаны болуы ұсынылады, - деп атап өтті өз сөзінде Кеден одағы шеңберіндегі әкімшілік бөлімінің басшысы Николай Ермошин.

Қосымша ақпарат пен туындаған сұрақтарға жауаптарды 8 (7182) 322241 нөмірі бойынша Павлодар облысы бойынша аумақтық МКБ немесе МКД алуға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы