2024 жылғы 1 сәуірінде жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің уақытша "жоғарылатылған" нормаларының қолданылу кезеңі аяқталды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №94 шешімінің қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың 1 сәуірінде аяқталды.
1 сәуірден бастап нормалар:
- алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көлік түрлерімен әкелінетін тауарлар үшін-құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды;
- тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін тауарлар үшін-құны 200 Еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) брутто салмағы 31 кг-нан аспайды.
Павлодар облысы бойынша МКД
кедендік әкімшілендіру басқармасы
Управление таможенного администрирования
ДГД по Павлодарской области