Жарияланған күні: 12.11.2018 16:24
Өзгертілген күні: 12.11.2018 16:25

Өткен аптада облысымыздың барлық мемлекеттік қызметкерлері ОРМБЖМ-нің     бассейнінде бас қосты. Онда мемлекеттік қызметшілер арасындағы ХVІ-шы облыстық спартакиадасының бағдарламасында жүзу бойынша жарыстары өткізілді. Біздің департамент атынан құқық қорғау блогы ұсынылды. Жануақова Динара– адам ресурстары басқармасының бас маманы, жеке жүзуде 3 орынға ие болды, Мұхамеджанов Қайрат – ЭТҚ бас офицері, жеке жүзуде 2 орын иеленді. Сонымен қатар,  Зенгер Максимнің  бағы жанып ол 1 орынға ие болды.

Біздің команда жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жалпыкомандалық 2 мәртебелі орынға ие болды. Атап айтсақ, біздің қызметкерлердің дене шынықтыру даярлықтарына сүйсінуге әбден болар. Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз әрі алда тек жарқын жеңістерге жетуге тілектеспіз!