Жарияланған күні: 15.01.2019 15:23
Өзгертілген күні: 15.01.2019 15:24

Салық кодексінің 305-бабына сәйкес, салық төлеушілер төмендегі есепті жасайды және салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады:

- алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын – салықтық кезеңнің 20 қаңтарынан кешіктірмей;

- алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын - салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірмей.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабын 2019 жылдың 21-қаңтарынан кешіктірмей тапсыру қажеттігін ескертеді.