Жарияланған күні: 01.02.2024 17:18
Өзгертілген күні: 01.02.2024 17:22

Бүгінгі таңда E-salyq өнімдері ең танымал болып табылады, мобильді қосымшада тіркелу салық органынан бармай-ақ, онлайн режимінде жүзеге асырылады.

2020 жылдан бастап жеке тұлғалардың салықтарды төлеуіне ыңғайлы «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы қол жетімді. Пайдаланушылар саны 4,5 млн. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Мобидьді қосымша деректемелерді толтырмай салықтарды төлеуге, 2 минут ішінде онлайн толтыру мен автоматты түрде есепке жатқызу жүргізуге, артық төлемді басқаруға мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда жылжымайтын мүлікке салық салу объектілері, көлік құралдары, жер учаскелері бойынша деректерді түзетуге өтінім беруге болады.

Сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде «Е-Salyq Azamat» декларацияны тапсыру үшін ең танымал платформа болып табылады. Осы қосымша арқылы 3 млн. декларациялары берілді.