Жарияланған күні: 28.11.2023 17:23
Өзгертілген күні: 28.11.2023 17:25

2023 жылдың 10 айы үшін Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы шамамен 3 000 миллион АҚШ долларын құрады.

Сыртқы сауда айналымының негізгі үлесін экспорт – 82%, импорт – 18% құрайды.

Экспорттың басты тауар жайғасымдары металлургия, мұнай-химия және отын-энергетика кешендерінің өнімдері болып табылады.

Сонымен қатар, жекелеген тауар түрлеріне тыйым салулар мен шектеулердің енгізілуіне байланысты үшінші елдерге көмір, бидай, күнбағыс тұқымы және т.б. экспорты азайды.

Тауарлар импортының негізгі үлесі (50% көбірек) өндірістің жұмыс істеуі және тауар өндіруі үшін тауарларды сатып алатын облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға келеді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы