Жарияланған күні: 28.03.2019 16:28
Өзгертілген күні: 29.03.2019 14:51

Павлодар облысы бойынша мемлекттік кірістер департаментінде (бұдан әрі - МКД) Павлодар облысының мамандырылған күзет қызметі басқармасы ұйымдастырған «Ланкестік актілер мен басқа да құқық бұзушылық әрекеттері көрініс тапқанда қызметкерлердің іс-әрекеті» атты семинар болып өтті.

Мамандырылған күзет қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Дулат Сейітов семинар қатысушыларын, өзге заттарды анықтаған кездегі ереже тәртібі мен тексеру құрал-жабдықтарымен, жарылғыш заттар салынатын болжамды орындарды анықтау, ланкестік әрекеттерден қорғау және ланкестік актілерін жасау қаупін қамтамасыз ету туралы таныстырды.

Семинарға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті мамандары мен МКД мамандары қатысты.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына деректі фильм көрсетілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД Түсіндіру жұмысы басқармасы