Жарияланған күні: 08.11.2019 15:15
Өзгертілген күні: 08.11.2019 15:22

Салық заңнамасына сәйкес камералдық бақылау салықтық бақылау нысандарының бірі және бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын салықтық әкімшілендірудің басым бағыты болып табылады.

Камералдық бақылау салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және салық төлеушіде осындай бақылаудың нәтижелері бойынша салық қызметі анықтаған бұзушылықтарды дербес жою мүмкіндігі болуы үшін жүргізіледі.

Бұл ретте, анықталған бұзушылықтар олардың сипатына қарай жойылғанда, төлеушінің тіркеу салық есебіне қойылуы жүргізіледі, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 96-бабына сәйкес салық есептілігі ұсынылады, салық және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер төленеді.

Камералдық бақылау барысында лауазымды тұлғалар Мемлекеттік кірістер органдарында бар ақпаратты салыстырады. Бұл салық есептілігі, салық салу объектілері және онымен байланысты объектілер туралы басқа мемлекеттік органдардан ақпарат, төлеушінің түрлі көздерден қызметі туралы деректер. Сонымен қатар, салық есептерінің ақпаратын өзара салыстырады. Камералдық бақылау талап қою мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіге тиісті хабарлама жібереді.