Жарияланған күні: 29.09.2020 13:57
Өзгертілген күні: 29.09.2020 13:58

Комитет «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы 2019 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың орталықтандырылған есебін жүргізді.

Көлік құралдары салығын есептеуді іске асыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің көлік құралдары дерекқорының мәліметтері пайдаланылды.

Салықты дұрыс есептемеуге және оларды жедел түзетуге әкеп соқтырған көлік құралдары туралы дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайларды оны түзету қызметі әзірленді.  Бұл көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қоса алғанда, түзету үшін онлайн режимінде өтініш беруге, көлік құралын иеліктен шығуына байланысты мәліметтер базасынан шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл қызметті «e-Salyq» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалана аласыз, оны «App Store» мен «Play Market» - тен жүктеуге болады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті