Жарияланған күні: 25.12.2019 17:46
Өзгертілген күні: 25.12.2019 17:54

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің өндірісі мен айналымын бақылау» (Акциз) ақпараттық жүйесінің әзірлеушілері СГДС кілттердің орнына ҚР ҰКО берілген ЭЦҚ кілттерді пайдалану бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Авторизация механизмі бұрынғыша қалады (кіру логин/пароль арқылы жүзеге асырылады). ЭЦҚ кілттерін пайдалану жаңа клиент арқылы іске асырылады. Бұл ретте, барлық салық төлеуші-пайдаланушылар Акциз АЖ ЖҮЙЕСІНДЕ ТІРКЕЛГЕН ЖСН/БСН бар ЭЦҚ кілттерін алдын ала алуы қажет! Барлық қажетті дистрибутивтер кейінірек осы сілтеме бойынша қойылады: https://kgd.gov.kz/kk/section/akcizy-0 Жаңалықтарды қадағалауды сұраймыз.