Жарияланған күні: 14.05.2020 01:34
Өзгертілген күні: 14.05.2020 01:35

Мəжімов Саят Мəжімұлы     (19.11.1923 ж. – 21.08.2004 ж.) Павлодар облысының Май ауданы Құркөл ауылында балықшы Мəжім Тлеуғабылұлының отбасында туды. Соғысқа Құркөл ауылдық Кеңесте хатшы болып қызмет істей жүріп, 1942 жылдың 17 мамырында ауылда қалған  20  шақты əскер жасына енген бозбалалармен атанды.

Саят Мəжімұлы алғашында Сталинградты қорғауға қатысты, Украинаның Изюм жəне Днепр қалалары үшін соғысты. Екі мəрте  "Ерлігі үшін" медалымен марапатталды.

Взвод командирі Саят Мəжімұлы Львов үшін шайқаста ерен ерлік үлгісін көрсетіп, "Қызыл Жұлдыз" Орденімен марапатталды. Соғыста алған жарақаттардың нəтижесінде жұмыс істемеген сол қолымен үйге қайтады, Кұркөл ауылдық Кеңестің хатшысы болып 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет етеді.