Жарияланған күні: 26.01.2024 11:36
Өзгертілген күні: 26.01.2024 11:42

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша техникалық оқу өтті.

– Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды. Жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады, – деп атап өтті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Алмагүл Кинжикова.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы