Жарияланған күні: 24.04.2018 13:56
Өзгертілген күні: 24.04.2018 13:58

Павлодар облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінде «Қызметтік тергеуді жүргізу тәртібі және тәртіптік өндірістерді жүргізу» атты тақырыпта оқытатын семинар болып өтті.

Қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Анна Марьина тыңдаушылардың назарын өткізу мерзіміне, қызметтік тергеу жұмыстары өткізіліп жатқан адамның құқығына, қызметтік тергеу жұмыстары нәтижесіне шағымдану тәртібіне аударды.

Семинарға қалалық және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандары қатысты.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы