Жарияланған күні: 26.01.2024 11:51
Өзгертілген күні: 26.01.2024 11:57

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында zoom-конференция форматында өткен кәсіпкерлермен салалық кеңестің жұмысына қатысты.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген Салық және кеден заңнамасындағы жаңа енгізулер, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі, мобильді аударымдар іс-шараға қатысушылармен талқылаудың басты тақырыбына айналды.

– Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Осы кезеңде өз активтерін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, оның ішінде қызметін уақытша тоқтатқандар да декларациялауға тиіс. Әрбір қалалық және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында жалпыға бірдей декларациялау және дербес мәліметтерді толтыру мәселелерін түсіндіру бойынша консультациялық орталықтар құрылып, жұмыс істейді. МКД апта сайын, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-де "Zoom" платформасында жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша вебинарлар өткізеді. Өткізілетін вебинарлар туралы мәлімет Facebook, Twitter, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі МКД беттерінде, МКД ресми сайтында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (МО ИРБФ) жарияланады. Жеке тұлғалардың табыстары туралы декларацияларды толтыру бойынша бейне сабақтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің YouTube-арнасында (kgd.gov.kz) жарияланған, - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

Іс-шараға Павлодар облысының кәсіпкерлері қатысып, іс-шараны ұйымдастырғаны және көптеген сұрақтарға жауап бергені үшін алғыс білдірді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы