Жарияланған күні: 30.11.2023 10:55
Өзгертілген күні: 30.11.2023 10:56

"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша семинар өтті.

– Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 2024 жылғы 1 қаңтарда басталады. Осы кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, оның ішінде қызметін уақытша тоқтатқандар өз активтерін декларациялайтын болады. Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша сенімді түрде декларациялау қажет. Болашақта бұл кірістерге салық салу кезінде ескерілетін болады. Декларация толтырылғанға дейін Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар – жоғын өз бетінше тексеруді ұсынамыз, - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

Семинарға Павлодар қаласы кәсіпорындарының басшылары мен бухгалтерлері қатысып, іс-шараны ұйымдастырғаны және көптеген сұрақтарға жауап бергені үшін алғыс білдірді.

 

         Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы