Жарияланған күні: 20.09.2018 17:09
Өзгертілген күні: 20.09.2018 18:44

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлері«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері жәрдемімен облыстық орталықтың ірі супермаркеттері, ауда үйлері алдында көлік салығын төлеу бойынша «Салықты уақытылы төле!» акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты көліктік салықты төлеу және көлік салығын дербес есептеу туралы ақпараттар бар ақпараттарды беру, ақы төлеу мерзімдері мен төленбегендіктің жауапкершілігі туралы кеңес беру болды.

Акция барысында 600-ден астам парақшалар тапсырылды.

Құрметті павлодарлықтар! салық төлеу жөніндегі барлық мәселелер бойынша қалалық (аудандық) мемлекеттік кірістер департаменттеріне тұрғылықты жері бойынша немесе Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 32-39-48 телефоны бойынша жүгінуге болады.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы