Жарияланған күні: 12.02.2020 18:34
Өзгертілген күні: 12.02.2020 18:39

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті  2020 жылдың 10 ақпанында Қаржы министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 368 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10 қазандағы № 1118 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бірлескен бұйрығы әрекет етеуге кіріскендігін хабарлайды.

Аталған бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан мыналарды әкетуге алты ай мерзімінде тыйым салынады:

- тірі ірі қара мал: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды – 0102;

- тірі қойлар мен ешкілер: ЕАЭО СЭҚ ТН коды– 0104.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті