Жарияланған күні: 13.06.2019 00:53
Өзгертілген күні: 13.06.2019 00:55

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті ұсынужәне есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамау жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Кодексінің 506-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақытша сақтау қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту УСҚ иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін  негіздердің бірі болып табылады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті