Жарияланған күні: 14.05.2020 02:31
Өзгертілген күні: 14.05.2020 02:32

2020 жылдың 12 мамырында TengriNews алаңының Tengri TV арнасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Шағын және орта бизнесті дағдарысқа қарсы жоспарлау» онлайн-конференциясын өткізді.
Короновирус пандемиясы миллиондаған қазақстандықтардың өздігінен оқшаулануына, шекаралардың жабылуына және кәсіпкерлердің қызметін тоқтатуға себеп болды.
Қазіргі уақытта карантиндік шаралар біртіндеп әлсіреді. Бюджет алдындағы міндеттемелерді орындау кезінде қордаланған проблемалардың ауыртпалығын қалай жеңуге болады, болашақта салықтық тәуекелдерді қалай жоюға болады. Бұл мәселелер мемлекет пен бизнес арасындағы іскерлік әңгіме барысында туындады.
Модератор ретінде МКК Төрағасы Хатшылығының басшысы Бақытгүл Қазақпаева сөз сөйледі. Бір алаңға әлеуметтік желілердегі көрермен қызығушылығын ие және ақпаратты кәсіби тұрғыда жеткізе алатын салық сарапшылары жиналды. Талқылау форматы екі спикердің жекелеген тақырыптар бойынша сұрақ-жауаптарынан тұрды: МКК өкілі және бизнес қауымдастығының өкілі.
«Кәсіпкерді 31 мамырдан кейін не күтіп тұр? Салық бойынша берешекті төлеудің қандай жолы бар?» тақырыбында Айжан Балакешова (BK AUDIT компаниясының негізін қалаушы) мен Айгүл Уәлиева (МКК-нің Берешектер мен дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы) арасында заңды және жеке тұлғалардың айыппұлдары мен өсімпұлдары бойынша салықтық рақымшылық түрінде дағдарысқа қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты талқылаумен аяқталды.
Салық сарапшысы А.Балакешовамен уәкілетті органдарды салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мерзімін 2020 жылдың 31 тамызына дейін кейінге қалдыруды қарастыруға шақырды. Сонымен қатар, салық төлеушілерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49, 51-баптары бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу тетіктері түсіндірілді.
Одан әрі Екатерина Ким («Налоги Алматы», «Налоги Казахстана» Telegram арналарының негізін қалаушы) Әнуар Сүлейменовке (МКК Қашықтан бақылау басқармасының басшысы) ЭШФ жазып беруді шектеудің пилоттық жобасы туралы өте қызықты сұрақтар қойды. Мәселен, салық тексерісінен кейін ғана мәмілелер жарамсыз деп танылатындықтан мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаға берілген жауаппен келіспеуіне қандай негіз бар. Жауаптардың негізінде салық төлеушілерді санаттарға бөлу кезінде ТБЖ мен Пилоттық жобадағы ТБЖ қалай ерекшеленетіні белгілі болды. Сондай-ақ, салық мерзімі аяқталған кейін және нұсқаманы табыс еткен соң салықтық тексеру жүргізіледі. Ал Пилоттық жоба аясында жазылып берілген ЭШФ-ға мониторинг және талдау күн сайын жүргізіледі.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне ие болған пилоттық жобаға қатысушылар тізімі www.kgd.gov.kz ресми сайтында орналасқан. Осылайша, сатып алушы осы тізімнен өзінің тауар жеткізушілерін БСН бойынша тексере алады.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қаржылық тұрақтылық көрсеткіші 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңдегі кірістер мен төленген салықтар негізінде есептелетіні туралы түсінік берілді. Мемлекеттік сатып алудың әлеуетті қатысушылары қосымша салық есептілігін ұсыну және көрсетілген үш жылдық кезеңге салық төлеу арқылы қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін арттыруға құқылы.
Бұдан әрі ақпаратты жаңарту үшін сіз Мемлекеттік кірістер комитетіне Электрондық Үкімет Порталы арқылы немесе жазбаша түрде мына мекен-жайына хабарласуыңыз керек: Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 11.
Үшінші қорытынды тақырып бойынша Дмитрий Казанцев (РКҚО негізін қалаушысы) және Арман Тян (МҚК Салық аудиті басқармасының басшысы) 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 Қаулысына сәйкес экономиканың 29 саласында еңбекақы төлеу қорын салықтан босатқан жағдайда
бөлек есепке алуды жүргізу бойынша өз ұсыныстарын берді. Тыңдармандар әкімшілік қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорын салықтан босатуға қандай экономикалық көрсеткіштер қолдануға болатыныны туралы ақпарат алды (мысалы: ұйымның директоры, есепшісі).
Сонымен қатар, микро және шағын бизнестің тексерулер мен салықтан босатылуына байланысты 3 жылдық мораторийге қарамастан, қолма-қол ақшамен операциялар жүргізу кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша міндеттемелер сақталған. Бл міндеттемені орындамаған жағдайда ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Сондай-ақ, фискалдық чек бермеу фактілерін анықтау үшін 2020 жылғы 12 мамырдан бастап «Қоғамдық бақылау – чекті талап ет» акциясы қайта жанданды. Фискалдық чектің берілмегені туралы хабарлап, бұзушылық расталған жағдайда өтініш берушінің телефон теңгеріміне 1000 теңге көлемінде сыйақы түседі.
Конференция соңында чатқа түскен сұрақтар зерделенді. Бұл сұрақтардың жауаптары жақын арада @press_kyzmet_kgd Инстаграмм парақшасында жарияланады. Эфирді көре алмағандар YouTube арнасынан https://www.youtube.com/watch?v=VCqqL8JNwRg сілтемесі бойынша көруіне болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті алдағы уақытта тікелей эфирлердің, онлайн көрсетілімдер мен вебинарлардың аңдатпаларын бақылап отыруды, сонымен қатар kgd.gov.kz YouTube арнасы, «Комитет государственных доходов» телеграмм-арнасы, Инстаграмдағы @press_kyzmet_kgd, Facebook-тағы «Мемлекеттік кірістер комитеті» ресурстарына жазылып, белсенді қатысуды сұрайды.